ШҚО әкімдігі ББ “Радиотехника және байланыс колледжі” КМҚК қамқоршылық кеңес құру және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды. Қамқоршылық кеңес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына қоғамдық бақылау көрсету, кәсіпорынға жарғылық міндеттерді іске асыру, білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу саласында жәрдем көрсету, сондай-ақ Жарғыға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар ұсыну, кәсіпорынды дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдар енгізу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері бойынша жүйені жетілдіру, білім беру саласында және басқа да бағыттар бойынша, бұл кәсіпорынға білім беру қызметтерінің отандық және халықаралық нарығында бәсекеге түсуге, Қазақстан Республикасында және оның филиалдарында бәсекеге қабілетті техникалық және кәсіптік білім беру мамандарын оқытуға мүмкіндік береді.
Шақырылады: жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдардың өкілдері, жұмысберушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, қайырымдылық жасаушылар, ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі.
Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 “Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және оны білім беру ұйымдарында сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы” бұйрығына (ҚР Білім және ғылым министрінің 02.04.2018 № 123 бұйрығына өзгерістер енгізілді) сәйкес жүзеге асырылады.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі 2020 жылдың 19 желтоқсанына дейін.
Ұсыныстар “Радиотехника және байланыс колледжі” КМҚК директорының қабылдау бөлмесіне ұсынылады: Семей қаласы, Абай көшесі, 76
Байланыс телефоны: 56-02-70, 36-10-46
Электрондық мекен-жайы: info@mykris.edu.kz