Адалдық сағаты

«Радиотехника және байланыс колледжі» КМҚК  студенттерімен е “Туралықты тұғыр еткен Төле би” тақырыбындағы адалдық топ сағаты өткізілді. Бейнедәріс барысында жастар Төле бидің осынша тарихи биік тұлға дәрежесіне жетуіне себеп болған тұлғалық қасиеттерімен танысты. Соның негізгілері: ел мұратына деген кіршіксіз адалдық, билік айтардағы қара қылды қақ жарған әділдігі, ақиқатты ту етіп көтеруі. Төле бидің өмірлік ұстанымындай болған «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың биік өлшемі. Нақты осы қасиеттері бүгінгі өскелең жас ұрпақ үшін – таптырмас өнеге.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Scroll to top