2020-2021 оқу жылы бойынша арнайы пәндер пәндік- циклдік комиссия мүшелерінің 08-12 ақпан аралығында апталықта өткізген шараларының есебі

АППЦК мәселелік- ізденгіштік тақырыбы:  «Ақпараттық кабельдік желілер», «Электроника» және «Ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқару» құзіреттілігі бойынша WorldSkills чемпионатына студенттерді дайындау жағдайында кәсіби құзіреттілікті қалыптастырудағы өндірістік оқытудың белсенді әдістері.

АППЦК мүшелері:

  1. З.А. Омарова – жоғары санатты оқытушы
  2. А.А. Рыспаева – 2-ші санатты оқытушы
  3. М.М. Рахимжанов – жоғары санатты оқытушы
  4. М.Х. Сарсембаев – жоғары санатты оқытушы
  5. Г.К.Конакбаева – жоғары санатты оқытушы
  6. Ф.К.Шалова – жоғары санатты оқытушы
  7. Д.Б. Бейсенгазинов- санаты жоқ оқытушы
  8. Д.К.Кененбай – санаты жоқ оқытушы
  9. С.О. Аубакирова – санаты жоқ оқытушы

2021 жылдың  08-12 қаңтар аралығында  колледж жоспарына сәйкес арнайы пәндер апталығы өтті.  Апталық  алдын ала колледж әдіскері бекіткен жоспар бойынша ұйымдастырылды.

Арнайы пәндер апталығы  «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттеріне кітапханаға мамандық бойынша алынған жаңа кітаптарды таныстырумен басталды

Мақсаты: Бітіруші түлектердің дипломдық жоба жазуға көмек ретінде бар кітаптармен таныстыру

Сол күні  директордың оқу тәжірибе  ісі бойынша орынбасары Шайдоллин М.К.  арнайы пән оқытушыларымен «ДЕМО емтихан өткізудің талаптары мен ерекшеліктері» бойынша шеберлік сағат өткізді.

Мақсаты: Бітіруші топтарда алдағы болатын біліктілік  емтихандарды алудың ерекшеліктері мен талаптары туралы таныстыру, алдын ала тапсырмалар мен критериилерін құрастыру

Апталықтың екінші күні арнайы пән оқытушысы Рахимжанов Митхат Маулетович №222РМ топпен ашық сабақ сабағын өткізді. Ашық сабақ «Арнайы технология» пәні бойынша өтті.

Мақсаты: Студенттердің алған білімдерін бекіту, теориямен тәжірибені ұштастыру

Осы күні апталық жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Қасымжанов Айдын Кездекбаевич  «Қашықтықтан оқу кезеңдерінде интернет  мүмкіндіктері» атты шеберлік сағатын өткізді.  Шеберлік сағатқа барлық 1-ші курс студенттері қатысып, қызықтырыатын сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар шеберлік сағатқа ПЦК мүшелері және колледж әдіскері Кайыржанов Еркежан Ержановна қатысты. Шеберлік сағат өте қызықты өтті. Барлық қатысушы оқытушыларға  арнайы әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.

Апталықтың үшінші күні «Электротехника және электроника негіздері» және пәндері бойынша олимпиада ұйымдастылыды. Оқытушылар Шалова Фарида Кенжебековна және Конакбаева Гулия Каримжановна.

Мақсаты:  студенттердің пәнге қызығушылығын арттыру, қабілетті студенттерді іріктеу, қалалық, облыстық олимпиадаларға дайындау болды.

Олимпиада нәтижесі бойынша жақсы нәтиже көрсеткен студентер 1,2,3 орындар беріліп, арнайы грамоталармен марапатталды.

Апталықтың төртінші күні арнайы пән оқытушысы Сарсембаев Марат Хабдырашитович «Дипломдық жоба жазу талаптары»  атты оқу семинарын  өткізді.  Бұл оқу семинарына барлық  4 курс студенттері қатысып, оқытушыға сұрақтарын қойып, тиісті жауап алу мүмкіндігі туды.

Сол күні  №453ТС, №473БТ, 463БТ топтарымен  «Мамандық таңдау маңызды-қадам» атты кездесу өтті.

Мақсаты: Адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастыру.
Кездесуге бұрынғы колледж түлектері: Шайдоллина Ляйля Кайырбековна, Бейсенгазинов Думан, Абылгазина Балған Асылбековна қатысты.  Олар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, бітіуші түлек бойында қандай қасиеттің болу керектігін қадап айтты.  Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.

Осы күні арнайы пән оқытушысы Рыспаева Аида Алиевна «Менің мамандығым-байланысшы» атты бейнеролигін  3-4 курс студенттеріне көрсетті.Мақсаты: Қазіргі заманның  талаптарын ескере отырып, білімалушылардың тұлғасын қалыптастыру, іскерлік және дағдыларды меңгерту, теорияны тәжірибемен сабақтастыру » болды

Бұл видеороликті қазіргі заман технологиясы бойынша өндірісте жұмыс жасап жатқан мамандардың бір күнімен таныстырды. Келешекте бітіруші түлектердің де осындай жұмыстарымен айналысатындығы туралы, сонымен байланыстағы жаңа технологиялармен таныстырып өтті.  Видеороликті түсіруге колледж түлектері Кайырбеков Азамат пен Саматов Ерзат көмектесті. Қазіргі уақытта ол студенттер «Қазақтелеком» АҚ жұмыс жасауда.  Аталған колледж түлектеріне колледж әкімшілігі атынан   грамотамен  марапаттады.

Апталықтың соңғы күні арнайы пән оқытушылары Нугманова Жұлдыз Құдайбергеновна және Нугманова Меруерт Жанатовна ««Camtasia studio бағдарламасының ерекшеліктері мен тиімділіктері» атты шеберлік сағаттарымен бөлісті.

Мақсаты: Оқытушыларды Camtasia studio бағдарламасының мақсатымен таныстыру, бағдарламаның барлық мүмкіндіктерін, батырмалардың мақсатын, құралдар тақтасын және мәзір элементтерін қарастыру, редактордың интерфейсіне шолу жасау. Редакторда жұмыс істеу дағдыларын меңгеру

Шеберлік сағатқа колледж оқытушылары және пцк мүшелері қатысты. Шеберлік сағат өте жоғары деңгейде өтілді.

Апталықтың соңында белсене қатысқан  студенттер, топтар  грамотамен марапатталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Scroll to top